KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 10 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Өскемен: Тұрғын үйлердің бірі 22 жылдан кейін жылуға қосылды

5.12.2022, 09:27 410 Ләззат Қанатқызы

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар Щербаков көшесінің тұрғындарымен кездесіп қайтты.

Аталмыш көшедегі 8 үй жақында 22 жылдан кейін жылуға қосылған, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Щербаков көшесінде 2000 жылдары кірпіш зауыты тоқтап, 8 көпқабатты үй, 150-ге жуық пәтер жылусыз қалған. 22 жыл бойы тұрғындар пәтерлерін теплофонмен, буржуйка қойып жылытып келіпті.

- Біз мұнда 1995 жылдан бері тұрамыз. Алғаш көшіп келген жылдары үй ыстық болатын, бірақ 2000 жылы кірпіш зауытының жұмысы тоқтап, біз жылусыз қалып қойдық. Үйді түрлі тәсілдермен жылытқан кездер болды. Теплофон қосқанда қатты суық болды деп айта алмаймыз, бірақ айына 30-40 мың төлеуге мәжбүр болатынбыз. Өмір сүріп, тіршілік ету керек қой, - дейді тұрғын Сағдат Қайырбосова.

Жылуға қосылу мәселесін тұрғындар әкімнің есеп беру кездесулерінде, әлеуметтік желілерде бірнеше рет көтерген.

- Қала әкімі Жақсылық Мұқашұлы кездесу сайын бұл мәселенің шешімі табылатынын, үйіміз жылуға қосылатынын айтып, уәде берген. Шынымызды айтсақ, біз сенген жоқпыз. 22 жыл бойы жылусыз отырғаннан кейін, бізге ол мүмкін еместей көрінетін. Бірақ қала басшысы сөзінде тұрды, - дейді Орталықтандырылған аумақтық басқарманың №10 филиалының директоры.

2019 жылы қалалық әкімдіктің тапсырмасымен  мұнда жылу қазандығының құрылысы басталған.  Ағымдағы жылы қараша айында көптен күткен тұрғындар жылуға қосылды. Қазір әр тұрғынның пәтеріне дейін жылу тартылған.

 

Тұрғындар қала әкімімен қоса, мердігер компанияға да алғыстарын білдіреді.

- Біздің әр сұрағымызға жауап беріп, күні-түні жұмыс жасап, 1 айдың ішінде жұмыстарын аяқтады. Асқан жауапкершілік танытқан компанияға да, бақылауға алған шаhар басшысына да алғымыз шексіз, - дейді тұрғындар.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив