KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Өскеменде үздік Аяз ата мен Ақшақар байқауы өтеді

8.12.2022, 14:41 586 Ләззат Қанатқызы

Өскемен қаласындағы бас шырша дәстүр бойынша орталық алаңда құрылады.

Биыл қаладағы бас шыршасының шамын жағу рәсімі ерекше ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ол күні орталық алаңда Аяз Ата мен Ақшақарлар байқауы өтеді.

- Аталмыш іс-шараға кез келген ниет білдіруші қатыса алады. Ол үшін menovnoe@mail.ru электрондық поштаға өтінім беру керек. Айта кету керек, өтінімдер 15 желтоқсанға дейін қабылданады. Алғ іріктеу 6 желтоқсан күні Республика алаңында өтеді.  Қатысушылар байқауға тек өздері Аяз ата мен Ақшақардың рөлінде ғана емес, түрлі ертегі кейіпкерлерінің костюмдерін киген қолдау тобымен келсе де болады, - делінен қала әкімдігінің хабарламасында.

Байқау финалистер мен қатысушалыр бас шыршаның шамын жағу рәсіміне қатыса алады. Шара кешкі сағат 17.00-де басталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив