KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Талаптан Ахметжан туралы не білеміз?

10.12.2022, 10:34 359 Ләззат Қанатқызы

Тәуелсіздік — әр азамат үшін қастерлі ұғым, баға жетпес құндылық.
Тәуелсіздік күніне орай Өскемен қаласының әкімдігі ел тарихында ізі қалған, айтулы еңбек сіңірген тұлғалардың тағдырынан сыр шертетін бейнематериалдар дайындады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Өңірімізден шыққан талантты тұлғалардың бірі, жазушы - Талаптан Ахметжан.
Талаптан Ахметжан - Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Теректібұлақ ауылында дүниеге келген.
Қазақстан шығармашылық жастарының Республикалық «Жігер» фестивалінің (баспасөзде жарияланған әңгімелері үшін, 1988) Қазақстан жазушылар одағының Оралхан Бөкей атындағы сыйлығының (жазушы жайлы жазған естеліктері мен сын мақалалары үшін, 1995)
Қазақстан Жастар одағы сыйлығының («Тұма» атты тырнақалды кітабы үшін, 1996)
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының («О дүниенің қонағы» атты кітабы үшін, 2002)
Халықаралық Валентин Пикуль атындағы сыйлықтың (шығармашылықтағы жетістіктері мен халықаралық әдеби байланысқа сіңірген еңбегі үшін, 2008 ) лауреаты.

- Талаптан Ахметжан қысқа ғана өмірінің өзінде оқырманның көңілінен шығатын, ұлттық рухымызды көтеретін үлкен шығармалар жазып кетті. Оның көркем әдебиетте алатын орны ерекше. Жерлестеріміздің есінде ол мәңгілік қалуы үшін, әлі де көптеген жұмыстар атқарылуы керек. Өңір басшылары да оны ұмыт қалдырмайды деп үміттенеміз, - деді журналист, публицист, ақын Әлібек Қаңтарбаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив