KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 10 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Өскемен: Келесі жылы қай көшелерге жылы аялдама орнатылады?

15.12.2022, 10:01 421 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығында тағы бір жылы аялдама іске қосылды.

Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Пункт  "Есенберлин" аялдамасына орнатылған. 13 желтоқсан күні нысан электрмен жабдықтау желісіне қосылып, қазір жолаушыларға қызмет көрсетіп тұр.

- Осы мәселе бойынша сауалнамаға қатысқандардың барлығына алғыс білдіремін. Жинақталған мәліметтің негізінде "Есенберлин" аялдамасында пункт орналастыру туралы шешім қабылданды, - деп жазды қала әкімі.

Сондай-ақ сауалнама қорытындысының негізінде 2023 жылы павильондар орнатуды қажет ететін орындар анықталған.

- Бірінші кезекте Потанин көшесіндегі "Жастар гастрономы", Виноградов көшесіндегі "Ивушка гастрономы" және Сәтпаев даңғылындағы "Жатақхана" аялдамалары қарастырылады, - деп атап өтті шаhар басшысы Жақсылық Мұқашұлы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив