KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 7 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Өскеменде 23 көшенің атауы ауысады

15.12.2022, 21:00 813 Мадина Амангелдіқызы

Өскеменде 23 көшенің атауы өзгертілетін болды.

Бүгін Өскемендегі идеологиялық жағынан ескірген көше атауларын ауыстыру және атаусыз көшелерге атау беру бойынша қоғамдық тыңдау өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Жалпы, Өскеменде 714 көше бар: орыс тілінде– 566 көше, қазақ тілінде – 148 көше.

Жеке тұлғалардың есімімен аталатын көшелер саны – 239. Оның ішінде: орыс ұлтынан – 142, қазақ ұлтынан – 64, басқа ұлттардан – 33.

Аманат, Өркен секілді бейтарап атауы бар көшелер саны – 315.

Колхозная, Пионерская сынды идеологиялық тұрғыда ескірген көшелер саны – 81.

Мағыналық мәні жоқ көшелер – 79.

Бүгін мемлекеттің дамуына үлес қосқан айтулы тұлғалардың есімін беру үшін қоғамдық тыңдау өтіп, депутаттардың қолдауымен 23 көше атауы ауыстырылатын болды. Атап айтқанда:

Калинин көшесі – Әбілхан Қастеев

Кутузов көшесі – Латиф Хамиди

Куйбышев көшесі – Тимофей Седельников

Ш.Утепов – Оралхан Бөкей

Микоян көшесі – Александр Сызғанов

Энтузиастов көшесі – Бошай Кітапбаев

Стахановская көшесі – Жақсылық Үшкемпіров

Краснознаменная көшесі – Ирина Ерофеева

Красин көшесі – Борис Александров

Фрунзе көшесі – Эмануил Романенко

К.Либкнехт көшесі – Борис Керімбаев

Бөкеев көшесі – Тұтқабай Әшімбаев

Степан Разин көшесі – Кирилл Ермолаев

М.Горький (Меновное) – Талаптан Ахметжанов

Базовая көшесі – Жібек жолы

Колхозная көшесі – Асқартау

Роза Люксембург – Арна

Совхозная көшесі – Өркен

Совхозный тұйық көшесі – Талас

Чапаев көшесі – Берел

Краснодонская көшесі – Арай

Краснофлотская көшесі – Мұзтау 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив