KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 2,9 м/с, СБ
444.22 476.38 4.82

Бірқатар аудандар әлі де қардан тазартылуда – Өскемен

20.12.2022, 11:08 460 Ләззат Қанатқызы

«Таза Өскемен» кәсіпорнының қызметкерлері қала көшелерінде қар тазалау және шығару жұмыстарын жалғастыруда. Естеріңізге сала кетейік, 13-14 желтоқсан күндері облыс орталығында толассыз қар жауып, тұрғындар мен коммуналдық қызметкерлерді әбігерге салғанын хабарғана болатынбыз.

Қазір қаладағы шағын көшелерде, тротуарлар мен шалғайдағы шағын аудандарда әлі қар тазаланбаған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы "Таза Өскемен" ШЖҚ КМК мәлімдеді.

- 13-14 желтоқсан күндері қалада мөлшерінен көп қар жауды. Бұл күндері және одан кейін де біздің мамандар тәулік бойы демалыссыз жұмыс істеп, басты көшелердегі жолдар мен жаяу жүргіншілер аймақтарын қар құрсауынан босатуда орасан зор жұмыс істеді, - дейді жауапты кәсіпорын басшылығы.

Сондай-ақ "Таза Өскемен" КМК келтірген деректерге сүйенсек,  қаладағы қардан тазартуға жататын автожолдар мен көшелердің жалпы ұзындығы-773,6 километрді құрайды. Қалада барлығы 600-ге жуық аялдама пункті және 400 ұйымдастырылған жаяу жүргіншілер өткелі бар.

- Қалың қар жауған күндері кәсіпорын қызметкерлері автомобиль және жаяу жүргіншілер қатынасының маңызды жолдарын басты назарға алып, қардан тазарту керек. Қазіргі уақытта шағын көшелердегі, тротуарлар мен шалғайдағы шағын аудандарда қарлар әлі де толықтай тазартылмағанын мойындау керек, - дейді жауапты мекеме.

Десе де, жұмыс тоқтап қалмайды. Әлі де кәсіпорынның барлық ресурстары іске қосылып, кезек-кезек көшелерді қар құрсауынан босатылатын болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив