KZ
Өскемен
-7°
ясно жел 1 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Өскемен: Қала әкімі қар тазалау жұмыстарын тексерді

20.12.2022, 23:06 463 Ләззат Қанатқызы

Бүгін Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар жауапты бөлім басшыларымен және полиция қызметкерлерімен бірлесіп шағын аудандардағы қар тазалау жұмыстарын тексерді.

Сонымен қатар, ауласы мен автотұрағы қардан тазартылмаған бизнес нысанының иелеріне ескерту жасалды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, 13 -14 желтоқсан күндері облыс орталығында толассыз жауған қардың қалыңдығы 50 сантиметрден асқанын хабарлаған болатынбыз.

Қар жауған күннен бастап қала көшелерінде коммуналдық қызметкерлер демалыссыз жұмыс істей бастады. Қаладағы көлік көп жүретін, негізгі жолдарды тазалау жұмыстары аяқталған. Десе де, онымен жұмыс тоқтап қалмайды.

 

- Қазір коммуналдық мекемелердің негізгі жұмысы - екінші дәрежелі жолдар мен қаланы қоршай орналасқан шағын аудандарды қар құрсауынан бостауы тиіс. Сондай-ақ облыс орталығындағы бизнес субъектілермен де тығыз жұмыс істеуіміз керек. Олар өз аулаларындағы, автотұрақтағы жиналған қарларды шығаруы керек, - деді қала әкімі.

Айта кету керек, бизнес нысанының иелерімен қоса мемлекеттік мекемелер де сондай жұмыстармен айналысатын болады.

- Ол нысандардың жанында да тұрғындар өтетін тротуарлар, автотұрақтар бар. Сондықтан, оның тазалығына мемлекеттік мекемелер өздері жауап береді. Ал, аула тазалығына ПИК, МИБ пен тұрғындар жауапты. Яғни, ауланың ішіндегі қарларды тазалау олардың міндеті, негізгі жолдар мен тротураларды тазарту - біздің міндетіміз, - деп атап өтті Жақсылық Омар.

 

Бұған дейін қаладағы қардан тазартуға жататын автожолдар мен көшелердің жалпы ұзындығы - 773, 6 километрді құрайтынын жазған болатынбыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив