KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность жел 2 м/с, З
448.56 478.03 4.79

Саябақтарда жаңажылдық безендіру жұмыстары жүргізілуде – Өскемен

21.12.2022, 11:54 494 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығында жылдағы дәстүр бойынша шыршалар құрылып, көшелер мен саябақтарда жаңажылдық безендіру жұмыстары басталып кеткен.

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар кеше облыс орталығындағы мұз айдындары мен қаланың мерекеге дайындығын тексеріп қайтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Айта кету керек, кеше «Металлург» саябағы қала тұрғындары мен қонақтарына өз есігін айқара ашқан. Онда шырша құрылып, безендіру жұмыстары жалғасуда.

 

- Биылғы жылдың басты жаңалығы – «Метеллург» саябағының ашылуы болып отыр. Саябақтың қыс мезгілінде ашылмағанына он жылдан астам уақыт болған. Биыл баршаңызға белгілі, мұнда жөндеу жұмыстарының бірінші кезеңін жүргізген болатынбыз. Қазір алда келе жатқан мерекеге орай дайындық, безендіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ сырғанақ пен мұз айдыны құйылды, - дейді шаhар басшысы Жақсылық Омар.

 

Бірінші күннен-ақ саябаққа жиналған тұрғындар қарасы көп екенін байқауға болады. Балалар сырғанақ теуіп, зейнеткерлер серуен құрып, би билеп, көңіл көтеріп жүр.

 

- Саябақтың ашылғанына қуаныштымыз. Жақын маңда тұратын балалар мен студенттер кешкі уақытта осында келіп, сырғанап, қызықты уақыт өткізеді. Бізде немерелерімізбен келіп, серуендеп, балалардың ойындарын тамашалап қайтамыз. Қала әкіміне алғысымыз шексіз, - дейді зейнеткерлер.

Саябақ таңертең 10.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Айта кету керек, қалада мерекелік безендіру жүргізілетін жаңа орын - С.Нұрмағамбетов саябағы. Биыл ғана ашылған жаңа саябақта да интерактивті шырша орнатылатын болады.

 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив