KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 9 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Әйелдерге арналған консультативтік-диагностикалық бөлімше ашылды - Өскемен

21.12.2022, 17:19 453 Ләззат Қанатқызы

Өскемен қаласында Ана мен бала орталығының консультативтік-диагностикалық бөлімшесі ашылды. Аталмыш бөлімше бұрыңғы БСМП ғимаратында орналасқан.

Медициналық мекемеде әйелдерді жоғары білікті мамандардың командасы - жоғары және бірінші санатты дәрігерлер, акушер-гинекологтар, жүкті әйелдерге арналған терапевт, генетик, санологтар, эндокринолог, кардиолог, травматолог, неврапотолог, стоматолог, функционалдық диагностика дәрігерлері қабылдайтын болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

 

- Біздің бекітілген арнайы жоспарымызға сәйкес қаламызда қалалық, облыстың деңгейдегі медициналық мекемеледің саны жылдан жылға артып, сапасы жоғарылап келеді. Бқл ғимараттың өзіндік тарихы бар, мұнда бұрын перзентхана болған. Кейін облыс әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасымен «Парыз» қорынан қаржы бөлініп, іші-сыртын толықтай жөндеуден өткізіп, жаңа жабдықтармен қамтамасыз еттік. Мұнда білікті дәрігерлер болашақ аналарға жақсы медициналық қызмет көрсетіп, аналардың денсаулығын нығайтып, сәбилерін аман-есен дүниеге алып келуге жәрдемдеседі деп үміттенемін, - деді қала әкімі Жақсылық Омар.

 

Айта кету керек, Республика бойынша мұндай орталық Астана қаласынан кейін екінші болып ашылған.

- Енді мұнда бала жоспарлаған, экстрагенитальды аурулары бар, қауіпті топтағы жүкті әйелдерге жоспарлы кеңес берілетін болады. Сондай-ақ, дәрігерлер гинекологиялық аурулары бар, несеп-жыныс жүйесі мүшелерінің дамуындағы туа біткен ауытқулары бар жасөспірімдерді қабылдайды. Білікті мамандардан контрацепцияның заманауи әдістерін қолдану, босануға психопрофилактикалық дайындықтан өту, сондай - ақ серіктестік туралы барлық ақпаратты алуға мүмкіндік бар, - деді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гүлмира Сагидуллина.

ШҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, облыс орталығында бала тууға қабілеттегі жастағы 94419 әйел тұрады. Ағымдағы жылдың 11 айында облыс бойынша 9 032 босану жағдайлары тіркелді. 5 140 әйел босану тәуекелі жоғары ретінде тіркеуге алынған. Жүкті әйелдердің ішінде босануға тәуекелі өте жоғары санаты 40 пайызды құрап отыр.

 

- Қазір біз «Аңсаған сәби» бағдарламасымен 5 жыл бойы күткен сәбиімді дүниеге әкелуге дайындалып жүрміз. Осындай консультативтік-диагностикалық клиника ашылғанына қуаныштымын. Біз сияқты тұрғындарға осындай жағдай жасап жатқан басшылыққа да алғысым шексіз, - дейді болашақ ана Құмарбекова Құралай.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив