KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Жас сарбаздар ант берді - Өскемен

22.12.2022, 14:30 312 Ләззат Қанатқызы

Өскемен қаласынының №49жалпы білім беру мектебіндегі «Жас сарбаздар»  сыныбының оқушылары ант қабылдады. 

Бойында патриоттық сезімді дамыту, жасөспірімдерді әскери қызметке баулу мақсатын көздейтін іс-шарада салтанатты түрде 96 оқушы «Отаны - Егеменді Қазақстанға адал қызмет етуге» ант берді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Әскери антты қабылдау арқылы біз оқушыларға Қазақстан азаматтары үшін Қарулы күштер қатарында қызмет етудің маңыздылығын ұғындырып, бұл ерлікке баулитын өмір екенін, Отанды қорғау, елін, жерін сүю, құрметтеу, отансүйгіштік, ұлтжандылық, намыс-жігер, шыңдалу ұғымын терең түсіндіреміз, - деді «Жас сарбаздар» және «Жас құтқарушылар» сыныбының жетекшісі Жасұлан Бекболатұлы.

Ант қабылдау рәсімін ұйымдастыруға, оқушылардың бойындағы патриоттық сезімді нақты іс-жүзінде қалыптастыруға 27943 әскери бөлімінің әскери қызметшілері өз үлестерін қосты. Іс-шара ант қабылдаған шәкірттердің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнін орындаумен басталып, «Жас сарбаз» әнұранын орындаумен аяқталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив