KZ
Өскемен
переменная облачность жел 2 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

Өскеменде 135 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды

22.12.2022, 21:11 313 Мадина Амангелдіқызы

Өскеменде іргелес аумақтарды қысқы күтіп ұстау қағидаларын бұзған 135 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Өскемен қаласының әкімдігі ШҚО қалалары мен елді мекендерінің аумағын абаттандыру қағидаларын, оның ішінде кәсіпкерлік субъектілеріне іргелес аумақтарды қысқы күтіп ұстау мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізуде, деп хабарлайды Altaynews тілішсі.

Қаланың негізгі көшелері мен даңғылдарында орналасқан бизнес объектілері бойынша мониторинг жасалуда, оның нәтижелері бойынша 135 кәсіпкер ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша іргелес аумақтарды қысқы күтіп ұстау қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Естеріңізге сала кетейік, абаттандыру саласындағы нормалар мен ережелерді бұзушылар үшін осы бап бойынша ескерту немесе айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған: жеке тұлғаларға – 20 АЕК, шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне-30-дан 100 АЕК-ке дейін.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив