KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 2 м/с, Ю
443.35 475.54 4.82

Өскеменде жоғалған 5 жастағы бала табылды

23.12.2022, 09:08 334 Ләззат Қанатқызы

21 желтоқсан күні сағат 17:13-те "102" жедел арнасына 26 жастағы жергілікті тұрғыннан қоңырау келіп түскен.

Оның айтуынша, 5 жастағы ұлы көліктен шығып, белгісіз бағытқа қашып кеткен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Хабарлама келіп түскеннен кейін Өскемен қалалық  ПБ барлық жеке құрамы көтерілді.

- Тәртіп сақшылары таныстар мен куәгерлерден сұрау жүргізіп, іргелес аумақтарды, баланың баруы мүмкін аулалар, саябақтар, жастар жиналатын орындар мен дәмханаларды тексерді. Қаланың барлық көшелеріндегі бейнебақылау камераларының жазбасы қаралып, 15 минуттан кейін Боран-1 патрульдік экипажының қызметкерлері аға лейтенанттар Ауғанбаев Дамир мен Дәулетханов Жасұлан М. Горький көшесінде орналасқан университеттің маңынан жоғалған баланы тапты, - дейді Өскемен қаласы ПБ бастығы полиция полковнигі Андрей Мула.

Бала аман-есен ана-анасына табысталды. Табылған баланың анасы Өскемен қ. ПБ қызметкерлеріне және іздестіруге қатысқан барлық азаматтарға көрсеткен көмегі үшін улкен алғысын білдірді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив