KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
447.4 477.55 4.76

«Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағы табысталды

27.12.2022, 10:14 538 Ләззат Қанатқызы

Кеше өткен қалалық мәслихат сессиясында қала әкімі Жақсылық Омар бірқатар тұлғаларға «Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағын табыстады.

Көп жылдар бойы лайықты еңбек етіп, қаланы дамытуға өз үлесін қосқан жандардың ішінде Қабиба Ақжігітова, Талғат Қоғабаев және Елена Круглова бар,  деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Әдетте адамдардың танымалдылығына қарап, қызметіне қарап бағалап, атақ беріп, қарапайым адамдар елеусіз қалып қалады. Бүгін «Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атанған әрбір жан қаламыздың дамуына елеулі үлесін қосқан, - дейді қала әкімі Жақсылық Омар.

«Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атанған:

Қабиба Ақжігітова - Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры. Қабиба Мырзақанқызы - өз ісінің шебері және елінің патриоты. Көптеген жылдар бойы ол қаланың мәдениеті пен білім саласын дамытуға өз үлесін қосқан.

Талғат Қоғабаев – "Өскемен жылу желілері" АҚ бірінші директоры. . Талғат Төлеуханұлы – мықты маман және талантты басшы. Ол Өскеменнің мықты коммуналдық секторының негізін қалаушылардың бірі болып табылады.

Елена Круглова - Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің әдіскері. Ол - қаланың барлық педагогикалық ұжымдарына белгілі, білім беру жүйесіне қосқан үлесі зор. 44 жылдан бері білім беру саласында қызмет еткен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив