KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

Өскемен: Жолдарды жөндеу үшін 1,3 миллиард теңге бөлінген

27.12.2022, 15:19 410 Ләззат Қанатқызы

Алдағы 2023 жылы облыс орталығындағы жолдарды жөндеу үшін бюджеттен 1,3 миллиард теңге қаржы бөлінген.

Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар қалалық мәслихат сессиясында айтты, деп хабарлайды Altyanews тілшісі.

Биыл Өскемен қаласында барлығы 36 көшеде жол жөндеу жұмыстары жүргізілген.

- Жылда көктем мезлігінде жолдарда пайда болған шұңқырлар тұрғындарды әбігерге салады. Сондықтан келер жылы "100 күнде 10 мың шұңқыр" челленджі басталады. Бізде арнайы осы челлендж үшін телеграм-арнасын аштық. Онда өз көшеңіздегі немесе кездейсоқ көрген шұңқырларды суретке түсіріп, нақты мекенджайымен телеграм-арнасына жіберсеңіз болғаны. Өтінімдер кезектілік тәртібімен пысықталып, 72 сағаттың ішінде жұңқырлар жөнделуі керек, - деді шаhар басшысы.

Сондай-ақ келесі жылы орташа жөндеумен қамтылатын көшелер тізімі де жасалып жатқан көрінеді. Оны арнайы комиссия жасап, бекітеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив