KZ
Өскемен
+11°
ясно жел 7 м/с, СШ
444.22 476.38 4.82

Өскеменде шағын көшелер қардан тазартылып жатыр

7.01.2023, 14:10 459 Ләззат Қанатқызы

Өңірде бірнеше күн бойы қолайсыз ауа райы сақталуда. Облыс орталығында да жауған қалың қар, бұрқасын жел мен артынша күннің күрт жылынуы көлік жүргізушілерін әбігерге салды.

Алыс ауданда тұратын тұрғындар да әлеуметтік желіде қардың тазартылмай жатқанын, жеңіл көлікпен қалаға жету мүмкін еместігін жарыса жазып жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ал, қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, коммуналдық қызметкерлер қолайсыз ауа райына қарамастан қаланы қар құрсауынан босатуға тырысып жатқан көрінеді. Қазір желіде екі ауысымда 80-нен астам техника жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ жұмыстарды күшейту үшін тағы қосымша 18 бірлік техника тартылған.

- Қазіргі уақытта қаланың барлық негізгі магистральдары мен қоғамдық көлік маршруттары тазартылды. Оларды мердігер ұйымдардың мамандары бақылап отыр. Ендігі назарды біз шағын жолдар мее жеке секторлардың тазалығына аудардық , - деп атап өтті қала әкімдігінде.

Тазарту жұмыстары төмендегі аудандарда жүргізілуде:

ЖМК-екі кварталаралық жол.

Аблакетка-үш көше және бір кварталаралық жол.

Красин кенті-6 көше.

Согра-3 көше.

Сол жағалау-11 көше.

Үлбі кенті-9 көше.

Зашита шағын ауданы – 6 көше және үш кварталаралық жол.

Нефтебаза-4 көше.

Серверое-үш көше және 7 кварталаралық жол.

Ахмер-8 көше.

Шмелев лог-7 көше.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив