KZ
Өскемен
+3°
переменная облачность жел 2 м/с, З
444.32 473.33 4.76

Өскеменде тағы екі жаңа трамвай желіге шығады

9.01.2023, 18:59 376 Мадина Амангелдіқызы

Өскеменде 10 қаңтарда жаңа екі трамвай желіге шығады. Айдың соңына тағы екі вагон іске қосылады.

Бүгін Өскемен қаласында жаңадан әкелінген трамвайлар жүргізіліп, сыннан өткізілді. Ертең олар желіге шығады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жаңа трамвайлар қаламызда соңғы төрт онжылдықта алғаш рет қайта жүре бастады.

Айта кетсек, трамвай паркі муниципалдық меншікке 2018 жылы қайтарылған болатын. Осы уақытаралығында қалалық әкімдік тарапынан кәсіпорынның  материалды-техникалық базасын ретке келтіру, байланыс желілері мен рельс жолдары жөндеу бойынша орасан зор жұмыс атқарылды.

- Қаламызда үш жылда рельс жолдардың аса проблемалық учаскелерінің барлығы дерлік ауыстырылды – бұл төрт шақырымға жуық жол. Енді келесі қадам жасайтын уақыт келді, яғни жаңа жылжымалы құрам сатып алу. Бүгін жаңа екі вагон сыннан өткізілді, оларды ертең желіге шығару жоспарланған. Қалаға тағы екі вагон әкелініп, қазір трамвай паркінде жұмысқа әзірленіп жатыр. Олар қаңтардың соңына дейін іске қосылады, - дейді шаһар басшысы Жақсылық Омар.

Жаңа трамвайлардың қандай өзгешеліктері бар екен? Әкімнің айтуынша, олардың жүріс бөлігі жетілдірілген, салонында кондиционер орнатылған, ұялы құрылғыларды қуаттау мүмкіндігі де қарастырылған, сондай-ақ жаңа вагондар қозғалысы шектеулі азаматтардың қажеттіліктеріне сәйкес бейімделген.

- Трамвай желілерін жаңғырту бойынша жұмыс әлі де жалғасады. Паркті ары қарай жаңартуға қатысты шешім алғашқы жаңа вагондарды қолдану тәжірибесінің негізінде қабылданатын болады, - деді әкім.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив