KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 2 м/с, В
447.4 477.55 4.76

Өскеменде жаңа су жинағыш іске қосылады

20.01.2023, 14:40 338 Ләззат Қанатқызы

Өскеменде жаңа су жинағыш бірінші жартыжылдықта іске қосылатын болады.

Бұл туралы облыс орталығының әкімі Жақсылық Омар әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Негізі 60-шы жылдары қаланған бас жоспарға сәйкес Сол жағалаудағы жаңа алаңдар құрылыс жүргізу үшін игеріліп жатыр. Коммуникация желілері – барлық бастамалардың негізі екенін жақсы білеміз. Өткен жылы болашақ тұрғын аудандар үшін 40 шақырымдай жаңа желілер тартылды. Бұл көпқабатты үйлер құрылысының аймағына да, жеке тұрғын үй құрылысына арналған учаскелерге де қатысты, - дейді қала әкімі.

Ал, жаңа заманауи су жинағыш 25 мыңнан астам адамды сапалы ауыз сумен қамтымақ.

- Мұнда біз хлорлаудың орнына электролизді тазарту технологиясын қолданатын боламыз. Бұл әдіспен қазірдің өзінде қаладағы судың 70%-ы тазартылып отыр. Су жинағыштың құрылысы аяқталып қойды. Бірінші жартыжылдықта іске қосу, жөндеу жұмыстары жоспарланған, одан кейін су жинағыш толық іске қосылады, - деп жазды шаhар басшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив