KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

Жылу энергиясы үшін төлем қайта есептелді - Өскемен

25.01.2023, 15:42 372 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығында желтоқсан айындағы ауа райының нақты температурасын ескере отырып жылу үшін қайта есепеу жүргізілді.

"Өскемен жылу желілері" АҚ ақпараты бойынша, қайта есептеу үйге жылу есептеу аспаптары жоқ барлық тұтынушылар үшін жүргізілген.  Яғни, есептеу жылу энергиясын тұтыну нормалары бойынша жүргізіледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қала тұрғындарына қайта есептеу сомасы:

Егер тұтынушы ескі, жылу есептеу аспаптарын орнату үшін техникалық мүмкіндігі жоқ үйде тұрса 1 шаршы метрге орта есеппен 31,04 теңге;

Егер тұтынушы үйде жылу есептеу аспаптары орнатылмаса орташа есеппен 1 шаршы метрге 38,05 теңге.

Яғни, қайта есептеудің жалпы сомасы пәтердің ауданына байланысты болмақ. Ал, нақты сомасы 2022 жылғы желтоқсандағы есеп айырысу парақтарында "қайта есептеу" бағанында көрсетіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив