KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 2 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Өскеменде ит қауып алған бала туралы ақпарат жалған болып шықты

26.01.2023, 16:03 441 Ләззат Қанатқызы

Әлеуметтік желіде 19 шағын ауданда қаңғыбас иттер оқушыны қауып алғаны туралы ақпарат тарады.

Өскемен қаласының әкімдігі аталмыш ақпараттың жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

WhatsApp чаттарында қаңғыбас иттер сабақтан шыққан оқушы мен оны ажыратпақ болған әйел адамды қауып алғаны туралы ақпарат пен фотосурет жарияланды. Жазбада оқиға 19 шағын ауданда болғаны туралы да жазылған.

Ал, қала әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарып, оқыс оқиға ШҚО-да орын алмағанын айтты.

- Бұл оқиға Өскемен қаласында емес, Алматыда болған. Жалған ақпарат таратпауларыңызды сұраймыз, - деп жазды қала әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Десе де, қала тұрғындарды облыс орталығында да қаңғыбас иттердің өріп жүретінін айтып шағымдануда.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив