Өскемен
+9°
переменная облачность ветер 3 м/с, С
457.29 490.35 5.97

Коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті - Өскемен

7.02.2023, 10:25 191 0 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығында коммуналдық қызметтердің жұмысы күшейтілген режимге көшірілді.

Бұл туралы ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қазірде жолдарды қардан тазарту жұмыстары тәулік бойына жүргізілуде.

— Қолайсыз ауа райы салдарынан, яғни  9 ақпанға дейін созылатын қалың қарға байланысты коммуналдық қызметтердің жұмысы күшейтілген режимге ауыстырылды. Күндіз қала көшелерінде 40 техника, түнде 90 техника жұмыс істейді. Ең алдымен, негізгі магистральдар мен орталық көшелер қар құрсауынан босатылады, - деп атап өтті жауапты мамандар.

Ал, коммуналдық қызметтер шағын және орта бизнес кәсіпорындары өз аумақтары мен көлік тұрақтарын өз бетінше тазалайтынын еске салады.

Сондай-ақ азаматтардан көліктерді жол бойында және жол жиектерінде қалдырмауды сұрайды, ол жол төсемдерін тазартуға кедергі жасау мүмкін.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив