Өскемен
+9°
облачно с прояснениями ветер 4 м/с, СЗ
457.29 490.35 5.97

Өскеменде тағы бір балабақша ашылды

8.02.2023, 16:01 241 0 Ләззат Қанатқызы

Бүгін облыс орталығында жаңа балабақша ашылды. 150 орындық  мектепке дейінгі мекемеге 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар қабылданады.

Жаңа балабақша мемлекеттік-жекешелік әріптестік ашылған. Қазіргі күні онда 27 бала қабылданып үлгерді, деп хабарлайды  Altaynews тілшісі.

- Соңғы жылдары қаламызда балаларды мектепке дейінгі мекемемен қамту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Соңғы 2 жылды мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 12 балабақша ашылды. Жыл сайын қалада 3 мыңнан астам бала дүние есігін ашады. Барлық бүлдіршіндер балабақшамен толықтай қамтылуы үшін әлі де жұмысты жалғастыра бермекпіз, - деді қала әкімі Жақсылық Омар.


Мектепке дейінгі мекемеде тәрбиешілерден басқа, балалармен психолог пен логопед жұмыс істейді.

 

- Балабақшаға қабылдау 19 қаңтар күні ашылды. Қазіргі күні 27 бала қабылданып үлгерді. Негізінен мекеме 150 балаға арналған. Айта кету керек, бұл инвестордың мемлекет қолдауымен ашып отырған үшінші балабақшасы, - дейді Өскемен қалалық білім бөлімінің басшысы Сәуле Алагөзова.

 

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив