KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

Өскемендегі балабақшалардың бір бөлігі ғана ЖБО-ға қосылған

27.02.2023, 14:28 343 Ләззат Қанатқызы

Еліміздегі балабақшалардың барлығында бейнебақылау камералары бар-жоғы тексерілетін болады. Бұл туралы ҚР Білім министрлігінің Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева мәлімдеген болатын.

ШҚО-да қазір 394 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді. Оларда бейнебақылау камералары орнатылғанымен жедел басқару орталығына кейбірі ғана қосылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Сондай-ақ, қауіпсіздікке қойылатын негізгі талаптардың бірі-білім беру мекемелерін дабыл түймелерімен жабдықтау. Әзірге ШҚО-да 200-ден астам мектеп аталмыш түймелермен жабдықталып, осы тармақ бойынша көш бастап отыр.

- Мектепке дейінгі мекемелер мен мектептердегі қауіпсіздік ережелерінің басты талабы – бейнебақылау камераларының орнатылуы. Десе де қазір облыс орталығындағы балабақшалардың бір бөлігі ғана жедел басқару орталығына қосылған. бар, бірақ қазіргі уақытта қаладағы балабақшалардың белгілі бір бөлігі ғана ЖБО-ға қосылған. Бұл жұмыс кезең-кезеңімен жүріп жатыр, бірнеше жыл ішінде біз барлық мектеп және мектепке дейінгі мекемелерді толық қамтитын боламыз, - деп түсіндірді ШҚО білім басқармасының басшысы Инесса Чернышева.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив