KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
446.49 475.38 4.79

Өскеменде қоқыс толы арықтарды тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр

2.03.2023, 17:20 284 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығында қоқыс басып қалған арықтар мен су бұру каналдарын тазарту жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр.

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, әсіресе Ахмер кентінде бұл мәселе жиі көтерілетін көрінеді, деп хабарлайды  Altaynews тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде қар мөлшерінің шамадан тыс көп болуына байланысты ақпан айынан бастап жоғары дайындық режимі енгізілген болатын. Сондай-ақ облыс орталығындағы 11 учаскеде, атап айтқанда шеткі аймақтарда су тасқыны қаупі жоғары екенін жазғанбыз.

Қала әкімдігі де қарғын судың қаупін азайту үшін шеткі аймақтардағы арықтар мен мен су бұру каналдарын тазартуды жалғастырып жатыр.

- Арықтарды тазарту жұмыстары үнемі жүргізіледі. Бірақ, әр тазартқан сайын тұрмыстық қалдықтар, пластик, күл және басқа түрлі қоқыстар табылады. Қазірдің өзінде 2 рейд жүргіздік, ал тұрғындар қоқысты өздері лақтырмайтынын айтып ақталады. Егер арық бітеліп қалса қар еріген кезде су жайылып кету қаупі бар екенін де түсінідіреміз, бірақ еш нәтиже жоқ, - дейді Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Денис Федченко.

Сондай-ақ әкімдік өкілдері арыққа қоқыс тастаушылары анықтау үшін  учаскелік полициямен жұмыс жасап жатқандарын атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив