KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Өскемен: Су басу қаупін жою үшін 50-ге жуық адам жұмылдырылды

6.03.2023, 10:40 298 Ләззат Қанатқызы

5 наурыз күні кешке облыс орталығында толассыз жауған жаңбыр салдарынан бірқатар көшелер су астында қалған. Синоптиктердің болжамына сүйенсек, өңірде осы аптада тағы көп мөлшерде жауын-шашын жаууы мүмкін.

Коммуналдық қызметтер шұғыл түрде жұмысқа кірісіп, қала көшелерінде су сору жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Облыс орталығында жедел түрде су басу қаупін жою үшін 50-ге жуық адам жұмылдырылып, тез арада құм толтырылған қап дайындалды.

- Бізде бірнеше ассенизаторлық машиналар бар. Олар кезекшілікке қойылып, қала бойынша бекітілген арнайы учаскелерді тұрақты қадағалайтын болады. Сонымен қатар қаладағы су өткізу, су бұру арналары мен арықтар қоқыстар тазартылып, дайындық жұмыстары жүргізілді, - дейді «Таза Өскемен» ШЖҚ КМК.

Жауапты мекеме тұрғындардан су басу қаупі туындаған жағдайда 53-25-77, 8 - 777-331-85-36 және 112, 109 және 138 телефондарына бірден хабарласуларын сұрайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив