KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
449.3 489.69 4.89

Өскемен: Бірқатар көшелерде көлік қозғалысы жабылды

21.03.2023, 09:12 383 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығында Наурыз мерекесіне орай түрлі іс-шаралар өтуіне байланысты бірқатар учаскелерде көлік қозғалысы жабылды.

Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Республика алаңында 21 наурыз сағат 08.00-ден бастап:

Қазақстан көшесі (Қайсенов көшесінен М. Горький көшесіне дейін).

"Sulpak" дүкені бойы (Тоқтаров көшесінен Қазақстан көшесіне дейін).

сағат 18.00-ден Нұрмағамбетов көшесі (Қазақстан көшесінен Пермитин көшесіне дейін).

Республика алаңында 22 наурыз сағат 07.00-ден бастап. сағат 23.00-ге дейін:

Қазақстан көшесі (Қабанбай батыр көшесінен Қайсенов көшесіне дейін).

М. Горький көшесі (Бейбітшілік көшесінен Пермитин көшесіне дейін).

Нұрмағамбетов көшесі (Чехов көшесінен Пермитин көшесіне дейін).

Достық үйінің ауданында (ДКМ) 22 наурыз сағат 07:00-ден бастап 15-00-ге дейін.
«Элегант" дүкені бойымен Назарбаев даңғылынан Шәкәрім даңғылына дейінгі жол.

- Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және қала бойынша қозғалысты жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді сұраймыз, - дейді қала әкімдігі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив