Өскеменде құрылыс тығыздығы тексеріледі

Облыс әкімдігінде барлық елді мекендері үшін бас жоспарларды әзірлеу мәселесі талқыланды.
Қазір ШҚО-да 363 елді мекен бар, оның алтауы-қала, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Шемонаиха, Серебрянск және Алтай ауданы үшін бас жоспарларды әзірлеу басымдыққа ие. Биыл 46 елді мекен осы маңызды құжатты алады. Жол картасы және одан әрі әрекет ету алгоритмі жасалды,- дейді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.
Сондай-ақ аймақ басшысы ШҚО Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына Өскемен қаласының құрылыс тығыздығын тексеруді тапсырдым, бұл адамдардың өмір сүру сапасына әсер етпеуі үшін аса маңызды. Басқарма өкілдері 2023-2025 жылдардағы бас жоспарды қарап, облыс орталығының құрылысына талдау жүргізіп, көпқабатты үйлердің құрылысы бойынша ұсыныстар енгізуі тиіс.
120
0
0
Сонымен қатар оқыңыз