KZ
Өскемен
+5°
ясно жел 10 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Өскеменде алма бағы отырғызылды

5.09.2022, 17:06 182

Бүгін облыс орталығындағы Самал саябағына қала тұрғындары алма ағаштарын отырғызды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, мамыр айында жергілікті кәсіпкер қала әкімімен кездесу кезінде алма бағын отырғызу туралы идеясын айтқан болатын. Артынша, қала басшысы бұл бастаманы қолдап, саябақтан сумен және электр қуатымен қамтамасыз етілген учаске бөлді.

Бұл идеяны қала тұрғындары қуана қабылдағаны бүгінгі жиналған жұрттың қарасынан да көрініп тұр. Жүзге жуық қала тұрғыны келіп, арнайы учаскеге алма ағаштарын отырғызды.

Ең алдымен кәсіпкер Сергей Бродский нұсқаулық өткізіп, алма ағаштарын қалай дұрыс отырғызу керектігін түсіндіріп өтті.

-        Еліміздің оңтүстігіндегі питомниктен 6 түрлі сортты өсімдіктер әкелінді. Бұл ағаштар біздің қаламыздың климаттық ерекшеліктері үшін арнайы таңдалған. Ағаштардың өсуін жеке өзім үнемі бақылауда ұстайтын боламын, - деді Сергей Бродский.

Бүгін бақта 1000-ға жуық ағаш отырғызылды. Көктемде оның қатары тағы да толығуы мүмкін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив