KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
440.9 475.95 4.82

Ауладағы шлагбаумдар алынады – Өскемен

2.09.2022, 14:53 271


Облыс орталығында аулаларда орнатылған барлық шлагбаумдар алынатын болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қала басшысы Жақсылық  Омар ауладағы шлагбаумдарды алып тастау туралы тапсырма берген. Айта кету керек, бұл мәселенің көтеріліп келе жатқанына ұзақ уақыт болған.

Кеше мердігерлер Мыза, Буров және Қабанбай батыр көшелеріндегі 10-ға жуық шлагбаумдарды алып тастаған.

-        Шлагбаумдар бірніші кезекте арнайы шағымдар өрт сөндіру, жедел жәрдем көліктерінің жүруіне кедергі келдіреді. Кейбір тұрғындардың өздері де қоршаулар жүруге кедергі келтіретінін айтты, - дейді Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Денис Федченко.

Полицейлер атап өткендей, жол қозғалысы туралы Заңға сәйкес жолдарда қоршаудың кез келген түрін орнатуға тыйым салынған. Себебі аула жолдары да ортақ жол болып саналады.

-        Мен қаладағы шлагбаум бар аулаларды анықтап, оларды жою үшін 15 күн мерзім бердім. Шлагбаумдарды орнату заңсыз болып есептеледі. Қарапайым тұрғындар ол үшін зардап шекпеуі керек, - деп түсіндірді қала басшысы Жақсылық Омар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив