ALTAYNEWS TV Әлем
Ауа райы
Өскемен
-35°
туман ветер 1 м/с, С
467.99 488.82 7.7
KZ RU

Экологияға алаңдаушылық танытқан оқушылар қала әкімімен кездесті - Өскемен

21.10.2022, 15:44 10 0 Ләззат Қанатқызы

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар экологиялық белсенділікке қызығушылық танытқан оқушылармен кездесті, деп хабарлайды Алттайньюс тілшісі.

Облыс орталығында бүгінгі күні ерекше назар аударатын мәселелердің бірі – қоқыс тастау, қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау мәселесі болып отыр. Осыған орай, жақында қала әкімі Жақсылық Омар «Таза қала» атты бағдарлама қабылдағанын жазған болатынбыз.

-        «Таза қала» бағдарламасы аясында қаламызда қоқыс сұрыптау зауыты салынған болатын. Енді сол зауыттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін әр тұрғын өз жауапкершілігін біліп, қоқыс сұрыптауды қолға алуымыз керек. Сол міндеттердің әр адамға түсіндіру үшін осындай кездесулер сериясын бастадық. Алдағы уақытта осындай кездесулер әр түрлі адамдармен болады. Алғашқы кездесу экология мәселесіне алаңдаушылық танытқан оқушылармен болды.  Бұл жастар бүгінгі естігенін, білгенін отбасына, достары мен құрбыларына айтып түсіндіруі керек. Сонда ғана жұмысымыздың нәтижесі көрінеді, - дейді қала әкімі.

Алдымен қала басшысы оқушыларға қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау мәселесі мен «Таза қала» бағдарламасы аясындағы жоспарларын түсіндіріп, артынша олардың дайындап әкелген видеореоликтерін тамашалып, ойын тыңдап, сұрақтарына жауап берді.

71440c8d-8702-4359-ab39-6c387a6e6fce.jpg

-        Мен 2 жылдан бері экология тақырыбына қызығушылық бірлідірп, түрлі жобалар дайындап, оларды облыстық, республикалық деңгейде қорғап жүрмін. Менің ойымша, табиғатты қорғау әр адамның міндеті. Қоршаған ортамыздың таза болуы өзімізге байланысты. Сондықтан қоқысты сұрыптауға, оларға екінші өмір беруге барлығымыз бірдей атсалысуымыз керек, - дейді Ш.Уалиханов атындағы №3 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Бауыржанова Данира.

Шара соңында шаhар басшысы келесі аптада оқушылармен бірге жаңадан ашылған қоқыс сұрыптау зауытына баруға уәде берді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Тіркелу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Соңғы жаңалықтар

Кеше, 16:40 Тоғызқұмалақта топ жарғандар марапатталды – ШҚО Кеше, 16:00 Өскеменде «ІТ-хакатон» байқауының жеңімпаздары марапатталды Кеше, 15:22 ШҚО-да аязды күндері 6 өрт оқиғасы болды Кеше, 14:30 Ұлан тұрғыны: Адвокат болуға қандай талаптар қойылады? Кеше, 14:26 Желтоқсанда күн райы жылына бастайды - ШҚО Кеше, 12:26 Зайсанда жоғалып кеткен шопандар табылды Кеше, 12:00 Ел күткен өзгеріс енді басталады – Алима Ақылбекқызы Кеше, 11:10 Орталық алаңға Аяз ата мен Ақшақар орнатылады – Өскемен Кеше, 10:48 Екінші ауысым оқушылары қашықтықтан оқиды – ШҚО Кеше, 10:46 Алматы-Өскемен тасжолындағы жекелеген учаскелер жабылады Кеше, 09:04 Қатты аяздан тармвайдың сымы үзіліп кеткен – Өскемен 27.11.2022, 18:03 ШҚО-да көліктің екі түрінің қозғалысына тыйым салынды 27.11.2022, 17:41 Зайсан ауданында жүргізушілер аязда үсіп қала жаздады 27.11.2022, 16:26 Өскеменде бірінші ауысымдағы оқушылар сабаққа бармайды 27.11.2022, 15:23 Шығыста 42 градусқа дейін аяз болады 27.11.2022, 14:19 ШҚО-да қолайсыз метеорологиялық жағдайлар жалғасады 27.11.2022, 13:03 Облыстық маңызы бар тас жол ашылды - ШҚО 27.11.2022, 12:22 ШҚО-ның тас жолдарындағы ахуал 27.11.2022, 11:50 Республикалық маңызы бар тас жол ашылды – ШҚО 27.11.2022, 10:01 Тарбағатай ауданында автокөлік қар құрсауында қалды 27.11.2022, 09:00 ШҚО-да тағы да жол жабылды 26.11.2022, 17:02 Өскеменде 35 градусқа аяз түседі 26.11.2022, 16:11 Екі қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі - ШҚО 26.11.2022, 15:00 ШҚО-да қар көшкіні болды 26.11.2022, 14:27 Қазақстанда жолдардың сапасын арттыру мақсатында IT-шешім ұсынылды