Лесхоз кентіне апаратын жол жөнделді - Өскемен

Өскемендегі Лесхоз кентіне апаратын жол жөндеуден өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Красин кентінен Лесхоз кентіне дейінгі ұзындығы 1,3 шақыырмнан асатын автожолды жөндеу жұмыстары аяқталды.
Бұл жолды кенттің тұрғындарының барлығы пайдаланады. Сондай-ақ, осы жолмен номер 47-ші маршрут өтеді.
Бұл учаскеде асфальт жабындысы толық ауыстырылып, жаңа аялдама қалташалары жасалды. Қала әкімі Жақсылық Омардың айтуынша, жуық арада аялдама павильондары орнатылады екен.
Сонымен қатар оқыңыз