ALTAYNEWS TV Әлем
Ауа райы
Өскемен
-36°
туман ветер 2 м/с, СВ
467.99 488.82 7.7
KZ RU

Өскемендегі Тоқтаров атындағы көше кезінде қандай еді?

30.08.2022, 17:06 14 0 Мадина Амангелдіқызы

Бүгін Өскеменде Қала күні мерекесі аталып өтуде. Осы ретте қаланың бірқатар жерлерінің тарихына көз жүгіртуді жөн көрдік.

Қаламыздағы көзге көп түспейтін, тыныш көшелердің бірі – Тоқтаров көшесі. Кезінде мұнда Театральный деп аталатын тұйық көше болған. Оның олай аталған себебі де бар. Бұл көшеге Халық Үйінің қасбеті қарап тұратын, ал онда басқа жақтардан келген актерлер қойылым қойып, түрлі кештер өткізілетін, осы жерде қаладағы алғашқы кітапхана да ұйымдастырылған еді. Яғни, Өскеменнің мәдениет орталығы болатын.

Ал оған дейін бұл тұйық көше Базарный деп аталған екен. Оның аумағы Ертістің тармағынан, Медвежий аралына қарама-қарсы тұста басталып, көшелерді кесіп өтіп, Үлбі жағасына шығатын.

Көше Өскемендегі ең думанды орын болып табылатын Базар алаңы арқылы өтетіндіктен Базарный деп аталған. Қаланың ортасындағы кең сауда алаңы бір кварталға жуық аумақты алып жатқан. Алаңның бойында түрлі дүкендер, сауда қатарлары болған. Онда көкөністер, жеміс-жидектер, бал, май, шай, балық сатылатын. Бұл жерде сауда күні бойы қызу жүретін, әсіресе жексенбі күндері. Мұнда ауылдардан да саудагерлер келіп тұратын. Осы маңда Покров соборы, ал базар алаңының орталығында кішкентай шіркеу болған екен.

Базар алаңының бойында Қалалық училище, Покров соборы мен Халық Үйінің ортасында жергілікті қаржы мекемесінің бір қабатты тас ғимараты, ал оның жанында – банктің ғимараты орналасқан. Демек, сол кездері бұл көше қазіргідей тыныш емес еді.

1935 жылдан бастап қаланың орталығы өзгере бастады. Базар қаланың шетіне ауыстырылды: Пожарный және Сенный тұйық көшелерінің ортасындағы аумаққа. Кейін Покров соборын бұзып тастаған соң, оның орнында саябақ пайда болды. Осылайша, кезінде тіршілігі қыз-қыз қайнап жатқан көше тыныш мекенге айналыпты. 

1943 жылы оған Төлеген Тоқтаровтың есімі берілді.

WhatsApp Image 2022-08-03 at 10.16.31.jpeg


Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Тіркелу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Соңғы жаңалықтар

Кеше, 16:40 Тоғызқұмалақта топ жарғандар марапатталды – ШҚО Кеше, 16:00 Өскеменде «ІТ-хакатон» байқауының жеңімпаздары марапатталды Кеше, 15:22 ШҚО-да аязды күндері 6 өрт оқиғасы болды Кеше, 14:30 Ұлан тұрғыны: Адвокат болуға қандай талаптар қойылады? Кеше, 14:26 Желтоқсанда күн райы жылына бастайды - ШҚО Кеше, 12:26 Зайсанда жоғалып кеткен шопандар табылды Кеше, 12:00 Ел күткен өзгеріс енді басталады – Алима Ақылбекқызы Кеше, 11:10 Орталық алаңға Аяз ата мен Ақшақар орнатылады – Өскемен Кеше, 10:48 Екінші ауысым оқушылары қашықтықтан оқиды – ШҚО Кеше, 10:46 Алматы-Өскемен тасжолындағы жекелеген учаскелер жабылады Кеше, 09:04 Қатты аяздан тармвайдың сымы үзіліп кеткен – Өскемен 27.11.2022, 18:03 ШҚО-да көліктің екі түрінің қозғалысына тыйым салынды 27.11.2022, 17:41 Зайсан ауданында жүргізушілер аязда үсіп қала жаздады 27.11.2022, 16:26 Өскеменде бірінші ауысымдағы оқушылар сабаққа бармайды 27.11.2022, 15:23 Шығыста 42 градусқа дейін аяз болады 27.11.2022, 14:19 ШҚО-да қолайсыз метеорологиялық жағдайлар жалғасады 27.11.2022, 13:03 Облыстық маңызы бар тас жол ашылды - ШҚО 27.11.2022, 12:22 ШҚО-ның тас жолдарындағы ахуал 27.11.2022, 11:50 Республикалық маңызы бар тас жол ашылды – ШҚО 27.11.2022, 10:01 Тарбағатай ауданында автокөлік қар құрсауында қалды 27.11.2022, 09:00 ШҚО-да тағы да жол жабылды 26.11.2022, 17:02 Өскеменде 35 градусқа аяз түседі 26.11.2022, 16:11 Екі қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі - ШҚО 26.11.2022, 15:00 ШҚО-да қар көшкіні болды 26.11.2022, 14:27 Қазақстанда жолдардың сапасын арттыру мақсатында IT-шешім ұсынылды