Өскемен
+24°
ясно ветер 4 м/с, СВ
447.71 478.69 5.51

Өскеменде орташа жөндеу бойынша жұмыстардың барысы тексерілді

12.06.2021, 00:58 88 0 Мадина Амангелдіқызы

Өскеменде инфрақұрылымдық нысандарды аралау кезінде орташа жөндеу бойынша жұмыстардың барысы тексерілді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

- Гагарин Бульварындағы жөндеу жұмыстары келісім-шартқа сәйкес 15 маусымда аяқталуға тиіс еді. Мұнда асфальт төсеу жұмыстары аяқталуға шақ қалды. Алайда пандустар мен кірме жолдарды жайластыруға қатысты мердігерге қойылатын бірқатар кінәрат-талаптар бар. Кәсіпорын бұл ескертулермен келісіп отыр және де жұмыстар аяқталғанға дейін олқылықтарды түзетуге міндеттелді, - дейді шаһар басшысы.

Соныменқ атар, Сейфуллин көшесіндегі жұмыстар да жақын арада аяқталады екен. Жаңа мектепке апаратын жол - Ахмер кентіндегі асфальт төселген алғашқы жолдардың бірі. Бұған дейін онда тротуар жасалып, көше жарығы орнатылған болатын. Қала әкімінің айтуынша, алдағы уақытта ықшам ауданындағы жолдарды асфальттау бойынша шаралар жалғасын табады.

 

 

88
0
00


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив