KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Бүгін Өскеменде ретро-кеш пен автошеру өтеді

25.08.2022, 10:14 180

Бүгін облыс орталығында ретро-автокөліктердің шеруі мен ретро кеш өтеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, өскемендіктер асыға күтетін қала күні биыл 25-інен, яғни бүгіннен бастап 30 тамызға дейін жалғаспақ. Қала тұрғындары мен қонақтары 5 күн қатарынан қызықты іс-шаралардың куәсі бола алады.

Бүгін 18.00-де "Эмиль" компаниясының коллекциясынан ретро-автокөліктер Өскемен аллеясы – Сәтпаев даңғылы – Жеңіс даңғылы - Назарбаев даңғылы-Достық үйі бағыты бойынша жүріп өтпек.

Автошеру Н. Назарбаев даңғылы, 68 мекенжайындағы Достық Үйінің жанында ретро автокөліктерді орналастырумен аяқталады.

Артынша шара аталмыш мекенжайда "Уақыт машинасы немесе қала тарихының беттері" костюмді ретро кешімен жалғасады. Мұндағы кешке қатысу үшін арнайы дресс код бекітілген. Ол 60, 70, 80, 90, 2000 жылдардағы стильдерге сәйкес келетін костюмдер болуы керек.

-        Шарада әсерлі билер, көңілді ойындар, байқаулар, концерттік бағдарлама, ретро-автокөліктердің автошеруі және қайталанбас атмосфера, сондай-ақ үздік бейнедегі тұрғындарға арнайы сыйлықтар да болады, - делінген қала әкімдігінің ақпаратында. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив