Өскеменде көркем фильм түсіріліп жатыр

Өскеменде көркем фильмнің түсірілімі басталды. Бұл картинаның сюжеті атақты "Дос Мұқасан" шығармашылық ансамблінің тарихына арналған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
- Еліміздің мәдениеті мен тарихы туралы маңызды кинематографиялық туындының біздің шаһарда түсірілетініне өте қуаныштымын. Жоба мен оның авторларына шын жүректен табыс тілеймін, - дейді шаһар басшысы.
Фильмнің авторларын біздің қаламыздағы кеңес заманының сәулет үлгілерін түсіру мүмкіндігі қызықтырған екен. Ең бірінші кезекте – бұл Металлург сарайы мен оның маңындағы ғимараттар.
Картинаның режиссері, Өскеменнің тумасы – Айдын Сахаман.
60
0
0
Сонымен қатар оқыңыз
Болот ШӘМШИЕВ, КСРО халық әртісі: - Қазақтың киносын ҚАЗАҚ ҚАНА түсіре аладыҒарышкер Айдын Айымбетовті Шығыс Қазақстан жұрты құшақ жая қарсы алдыМемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарияландыШығыстың сәулет-дизайнерлік мектебіТүбі бір түркі жұртының өкілдері төр Алтайда бас қосты