Өскемендегі мектептердің біріне Шәкәрімнің мүсіні қойылды

Өскемен қаласында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Алаш қайраткері Шәкәрім Құдайбердіұлының бюсті ашылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл - Өскеменде Алаш қайраткерлеріне қойылған алғашқы мүсін. Бюст қаладағы Шәкәрім атындағы №1 мектептің алдына орнатылды.
Ашылу салтанатына зиялы қауыммен қатар қала басшылығы да қатысты.
Шәкәрімге мүсін қою аталған мектептің директоры Әділ Сайлаубекұлының бастамасы болғанын айта кеткен жөн. Ұсынысты қамқоршылық кеңес қолдап, демеушілердің көмегімен ұлы тұлғаның бюсті соғылып отыр.
Ескерткіштің авторы – облыстағы белгілі суретші-мүсінші Еркебұлан Жәкішов.
163
0
0
Сонымен қатар оқыңыз
Қуғын-сүргін құрбандарына 1,3 миллиардтан аса теңге беріледіСемейде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына тағзым етілді (+сурет)Тоқаев саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай үндеу жасады31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніӨскемендіктер қуғын-сүргін құрбандарын еске алды