Өскемен
-19°
туман ветер 1 м/с, С
459.92 501.31 6.62

Өскеменде аулаларға жаңа контейнерлер қойылады. Ол не үшін?

19.05.2021, 11:14 23 0 Мадина Амангелдіқызы

Өскеменде барлық аулаларда жаңа контейнерлер орнатылмақ. Олар қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауға арналған. Осы ретте қалалық әкімдікте қалдықтарды бөлектеп жинау жүйесін енгізу мәселесі бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

188757764_1887447934744422_1182345129270542695_n.jpg

Кездесуге "ӨКМ Операторы" ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев пен SABOS.A грециялық компанияның бас директоры Димитриос Коилиарис қатысты. Бұл кәсіпорын Өскеменге қалдықтарды сұрыптау желісін жасайтын құрал-жабдықты жеткізеді.

Аталмыш желі 30 тамызда, яғни қала күніне орай іске қосылмақ.

Шаһар басшысы Жақсылық Омардың айтуынша, ол кезге дейін барлық аулаларда қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауға арналған контейнерлер орнатылып қояды.

Сондай-ақ, алдағы уақытта "ӨКМ Операторы" ЖШС-мен бірге қалдықтарды толықтай қайта өңдеуге бағытталған басқа да жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

187979142_313949916971259_8585489548872304038_n.jpg

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив