Өскемен
-24°
плотный туман Штиль
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Өскеменде кейбір автобустардың бағыты уақытша өзгереді

17.10.2022, 16:33 14 0 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығындағы Мостовой көшесі асфальт төсеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Аталмыш көше барлық көлік түрлері үшін жабылатындықтан 17 және 18 қазан күндері № 13, 25 және 38 маршруттар қозғалысы өзгереді.

-        Қоғамдық көліктер уақытша Карбышев көшесі арқылы қатынайтын болады. Қала тұрғындары өз маршуттарынан алдын ала хабардар болуын сұраймыз. Мостовой көшесіндегі жөндеу жұмыстары аяқталған соң автобус бағыттары өз қалпына келтіріледі, - деді Өскемен қаласының жолаушылар тасымалын басқару орталығы.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив