ALTAYNEWS TV Әлем
Ауа райы
Өскемен
-36°
туман ветер 2 м/с, СВ
467.99 488.82 7.7
KZ RU

ШҚО-да «Серпіннің» шапағаты тиген жастар көп

25.07.2022, 18:47 2 0 Мадина Амангелдіқызы
Өңірде "Серпін" және "Дипломмен ауылға" бағдарламалары  ойдағыдай жүзеге асырылуда. Оған дәлел соңғы төрт жылда Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-дың 1259 түлегі ауылдық жерлерге жұмысқа орналасқан. 
Аталған жоғары оқу орнының баспасөз қызметі мәлім еткендей, қазіргі уақытта түлектердің жұмысқа орналасуы 98 пайызды құрайды. 
Айта кету керек, Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ түлектердің өз кәсібін тауып, болашағын олармен байланыстыруы үшін бар күшін салуда. Осылайша, оңтүстік және батыс өңірлерден келген студенттер техникалық білім беру бағдарламаларын бітіріп, өздерінің еңбек жолдарын облыстың ірі зауыттарынан бастауда, соның ішінде "Қазцинк", "ТМК" және тағы басқалары бар. Ал педагогикалық бағытта білім алған түлектер бүкіл Шығыс бойынша үздік педагогтарға айналады.
Жоғары оқу орнының ректоры, Өскемен қалалық мәслихатының "Amanat" партиясы фракциясының депутаты Мұхтар Төлегеннің айтуынша, депутаттар жастарға бағдарламаның мақсатын, міндеттері мен артықшылықтарын белсенді түсіндіріп келеді. Осылайша, ауылдық аумақтардың кадрлық әлеуетін нығайтып, ауылдық жерлерге диплом алған студенттерді бекітіп, олар көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік несие түріндегі қолдауды толық сезінеді.
Солардың бірі, Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-дың 2021 жылғы түлегі Балдырған Қалитова "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша Бородулиха ауданының Орлов бастауыш мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беріп жүр. 
 
– Еңбек жолымды ауылдық жерде бастағым келді, өйткені, біз ауылды жерде білім беруді жақсартып, гүлдендіру керек деп жиі айтамыз. Осы себепті басшылыққа алып, Бородулиха ауданына жас маман ретінде жұмысқа келдім. Бағдарлама бойынша маған жақсы қаржылық және әлеуметтік қолдау көрсетілді. Қазіргі таңда мен орыс сыныптарында қазақ тілін оқытамын. Әу бастан қандайда бір қиындықтарға тап болдым деп айта алмаймын. Себебі,  университеттегі алған білімім мықты база болды. Мұғалімдер бәрін сабақ барысында түсіндірген-ді. Жұмыс барысында әртүрлі әдістерді қолданамын. Мысалы, балалар арасында жарыс түрінде, микрофон сияқты методикалар бар. Ойындар мен тәжірибелер түрінде сабақ жүргізу көп нәтиже береді, балаларға оқудың бұл түрі ұнайды, – деді Балдырған Қалитова.

 Сонымен қатар, Amanzholov University түлектері қазіргі уақытта өңірдің Казцинк, Казминералс, ҮМЗ сияқты жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындарында, сондай-ақ агроөнеркәсіптік секторда, мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелерде жұмыс істеуде. 
Мәселен, Арайлым Мұратайқызы "Серпін" бағдарламасы бойынша "Қайта өңдеу өндірісі технологиясы" мамандығын биыл аяқтаған түлек. Қазір Глубокое ауданындағы "Алтын Шығыс" өсімдік майын өндіру зауытында еңбек етеді.
 
– Қазақстанда "Серпін" бағдарламасы іске асып жатқанына қуаныштымын. Бұл бізге үлкен мүмкіндік пен мотивация береді. Оқуды бітірген соң маған Глубокое ауданындағы "Алтын Шығыс" ЖШС өсімдік майын өндіру зауытында лаборант болып жұмыс істеуді ұсынды. Әрине, қиындықтар болды, әсіресе, бейімделу кезеңі. Бірақ, қазір бәрі жақсы. Жұмыста толық жағдай жасалған, ұжым өте тату. Маған бәрі ұнайды, – дейді жас маман.

 Тағы бір түлек Рамазан Ақбай ШҚУ-ды 2019 жылы бітірген. "Серпін" бағдарламасының түлегі өмірлік серігі екеуі бірге Өскеменде қалып, осында еңбек жолын бастауға шешім қабылдаған. Рамазан қазір №27 орта мектепте информатика пәнінің мұғалімі.
 
– Мен мамандық таңдауда қателеспеген адам шығармын. Балаларға жаңа пәнді үйренуге қол ұшын беру және көмектесу бұл жоғары мәртебе. Университетті бітіргеннен кейін үйлендім, жұмысқа тұрдым. Жұбайым қазір бала күтіміндегі демалыста. Екі жасар балам бар, бір сөзбен айтқанда бақыттымын. Жұмысқа орналасу кезінде бізге қалалық жұмыспен қамту орталығы үлкен көмек көрсеткенін ерекше атап өткім келеді. Олар жыл бойы тұрғын үй шығындарын төледі, бұл үлкен қолдау, – деді Рамазан Ақбай.  

 "Дипломмен ауылға "бағдарламасы бойынша Катонқарағай ауданында Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-дың “Бастапқы әскери дайындық" мамандығының  2021 жылғы түлегі Жандос Қадырқанов та жұмыс істеп жүр.

 – Қазіргі уақытта Катонқарағай аграрлық-техникалық колледжінде өз мамандығым бойынша қызмет істеймін. Менің білімім ауылдарда тұратын жас ұрпақ үшін пайдалы болғанын қалаймын. Әр сабақтың тақырыптары бойынша колледж студенттеріне қызықты болу үшін мұқият дайындалуға тырысамын. Оқу процесінде әскери тәртіп қатаң сақталады. Студенттер бойында Отанға деген сүйіспеншілікті оятуға тырысамын, – деп жауап берді Жандос Қадырханов. 

 Ақпарат ретінде айтсақ, соңғы төрт жылда Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша барлығы 8924 түлек дайындаған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Тіркелу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Соңғы жаңалықтар

Кеше, 16:40 Тоғызқұмалақта топ жарғандар марапатталды – ШҚО Кеше, 16:00 Өскеменде «ІТ-хакатон» байқауының жеңімпаздары марапатталды Кеше, 15:22 ШҚО-да аязды күндері 6 өрт оқиғасы болды Кеше, 14:30 Ұлан тұрғыны: Адвокат болуға қандай талаптар қойылады? Кеше, 14:26 Желтоқсанда күн райы жылына бастайды - ШҚО Кеше, 12:26 Зайсанда жоғалып кеткен шопандар табылды Кеше, 12:00 Ел күткен өзгеріс енді басталады – Алима Ақылбекқызы Кеше, 11:10 Орталық алаңға Аяз ата мен Ақшақар орнатылады – Өскемен Кеше, 10:48 Екінші ауысым оқушылары қашықтықтан оқиды – ШҚО Кеше, 10:46 Алматы-Өскемен тасжолындағы жекелеген учаскелер жабылады Кеше, 09:04 Қатты аяздан тармвайдың сымы үзіліп кеткен – Өскемен 27.11.2022, 18:03 ШҚО-да көліктің екі түрінің қозғалысына тыйым салынды 27.11.2022, 17:41 Зайсан ауданында жүргізушілер аязда үсіп қала жаздады 27.11.2022, 16:26 Өскеменде бірінші ауысымдағы оқушылар сабаққа бармайды 27.11.2022, 15:23 Шығыста 42 градусқа дейін аяз болады 27.11.2022, 14:19 ШҚО-да қолайсыз метеорологиялық жағдайлар жалғасады 27.11.2022, 13:03 Облыстық маңызы бар тас жол ашылды - ШҚО 27.11.2022, 12:22 ШҚО-ның тас жолдарындағы ахуал 27.11.2022, 11:50 Республикалық маңызы бар тас жол ашылды – ШҚО 27.11.2022, 10:01 Тарбағатай ауданында автокөлік қар құрсауында қалды 27.11.2022, 09:00 ШҚО-да тағы да жол жабылды 26.11.2022, 17:02 Өскеменде 35 градусқа аяз түседі 26.11.2022, 16:11 Екі қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі - ШҚО 26.11.2022, 15:00 ШҚО-да қар көшкіні болды 26.11.2022, 14:27 Қазақстанда жолдардың сапасын арттыру мақсатында IT-шешім ұсынылды