KZ
Өскемен
-6°
ясно жел 2 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар өз таңдауын жасады

3.10.2020, 11:00 167

Nur Otan партиясының партия ішілік праймеризіне қатысушы үміткерлерге дауыс беру үшін Шығыс Қазақстан облысы бойынша дауыс беру учаскелері өз жұмыстарын бүгін таңғы сегізден бастап кетті.

Өскемен қаласындағы Оралхан Бөкей атындғы №3 дауыс беру учаскесінде алғашқылардың бірі болып Nur Otan партиясы Өскемен қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Жақсылық Омар дауыс беріп, өз таңдауын жасады.

«Праймериз алғаш рет өткізілгеніне қарамастан, біз қатысушылардың белсенділігін көрдік. Мен онлайн режимде пікірсайыстарды бақылап, олардың сайлау алдындағы бағдарламаларымен жете таныстым. Барлық кандидаттар жеңіске лайық деп санаймын», - деді Жақсылық Омар.

Айтайық, учаскелерде дауыс беру 3 қазан күні сағат 14.00 – де тоқтатылады. 4 қазан күні сағат 14.00-ге дейін primaries.kz порталы және мобильді қосымша арқылы онлайн-дауыс беру жалғасады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив