KZ
Өскемен
+1°
переменная облачность жел 2,2 м/с, З
443.85 474.3 4.8

Праймериз: ШҚО бойынша 27 мыңнан астам партия мүшесі дауыс берді

2.10.2020, 13:41 173

«Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысушы үміткерлерге онлайн дауыс берудің екінші күнінде 27 мыңнан астам шығысқазақстандық өз таңдауларын жасап дауыс беріп үлгерді.

«Праймериз бойынша дауыс беру 1 қазан күні сағат 00:00-де басталды. Дауыс беру 3 қазанға дейін жалғасады. Сонымен қатар, соңғы күні сайлау учаскелері ашылатын болады, оған онлайн режимінде дауыс бере алмаған адамдар қатысады. Яғни, интернетпен қамтамасыз етілмеген өңірлерде дауыс беру қағаз бюллетеньдер арқылы өтпек. 

Бүгінгі таңда онлайн режимінде 27 000 адам дауыс берді, бұл 54% құрайды, сайттың шамадан тыс жүктелгеніне қарамастан жалпы сайлаушылардың белсенділігі өте жоғары. Праймеризге барлығы 1054 кандидат ұсынылған. Оның ішінде мұғалімдер де, металургтер де, кәсіпкерлер мен белсенділер де өз бақтарын сынауда. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив