Өскемен
-18°
туман ветер 2 м/с, СЗ
468.98 493.74 7.59

ШҚО-ның полиция қызметкерлері психотропты зат сатумен айналысқан топты ұстады

25.07.2022, 15:35 1 0 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері психотропты зат сатумен айналысқан топты ұстады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы ІІМ мәлімдеді.  

– Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері синтетикалық есірткінің ірі партиясын жеткізумен айналысқан топты ұстады. Олар жедел іс-шаралар аясында Абай облысы Құлбатау ауылының маңындағы тасжолдың бойында 35 жастағы Алматы қаласының тұрғынын қолға түсірді. Облыс орталығына бет алған «Subaru» автокөлігінің салонын тексерген жедел қызмет өкілдері пакетке оралған шамамен 1 келі «Скорость» деп аталатын А-PVP психотропты затты тапты. Бұл есірткіні облыс аумағында электронды жүйе арқылы арнайы орындарға жасырып, таратпақ болған, – деді ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Ақтоты Боранова мәлімдеді.

Оның айтуынша, ұсталған күдікті Текелі ауданындағы сыбайластары үшін синтетикалық есірткіні жол бойындағы құпия орындарға қалдырып отырған. 

– Ішкі істер министрлігінің есірткі қылмысына қарсы күрес департаментінің бағыт сілтеуімен Алматы облысының полицейлері Текелі қаласынан 40 шақырым жерде тағы бір күдіктіні ұстады. Оның көлігінен салмағы 2 келі болатын 4 бума мефедрон салынған пакет тәркіленді. Сондай-ақ сол аумақтан 154 мефедроны бар zip-пакет,  бума материалдар мен таразы табылды, – деді Ақтоты Боранова.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив