KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 2,6 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

ШҚО-дағы барлық маңызды нысандар қысқа толық дайын

29.09.2020, 04:03 222

Қазіргі күнде аймақта жылыту маусымына дайындық бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізілуде.

Атап айтар болсақ, жылу көздерінің қуаттылығы 100 Гкал/сағат болатын қазандықтардың әзірлігі – 96%-ды (барлығы 10 жылу көзі – 55 қазандық, оның 37-сі дайын) құрайды. Су электр станцияларының дайындығы – 67% (4 СЭС – 27 гидроагрегат, оның 18-і дайын). Электр желілері – 98% (4497 шақырым желінің 4405 шақырымы дайындалған), жылу желілері – 99% (1430 шақырымның 1420 шақырымы) әзір. Сондай-ақ сумен қамту және су тарту желілерінің қысқа әзірлігі – 99% (6752 шақырымның 6919 шақырымы дайын).

Қуаттылығы 100 Гкал/сағаттан төмен қазандықтардың жылыту маусымына әзірлігі – 97%-ды құрайды (барлығы 558 нысан болса, оның ішінде 51 орталықтандырылған қазандық және 507 дербес қазандық бар. Осылардың ішінде 551 нысан қысқы жылыту маусымына толық дайын. Оның ішінде 49 орталықтандырылған және 502 дербес қазандықтар).

Тұрғын үй қорының дайындығы – 94% (4846 үйдің 4568-і дайын).

Өңірдегі бюджеттік сала нысандары қысқа дайын және көмірмен жүз пайыз қамтылған. Айта кетейік, жылу көздерінде және маңызды нысандарда қатты отын дайындау мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде.

Облыстың ЖЭО және жылу көздерінде 290 мың тонна немесе 140 пайыз отын жинақталған (пайдаланатын қор 207 мың тонна). Отынды жеткізу бекітілген келісімге сәйкес жүргізілуде.

Тұрғындардың жылыту маусымы кезіндегі көмірге жалпы сұранысы 1 123,6 мың тоннаны құрайды, қазір 1 101,7 мың тонна көмір жеткізілген, бұл – жалпы көрсеткіштің 98 пайызы. Қорыта айтқанда, өңірдегі барлық маңызды нысандар қысқа толық дайын.
Қыркүйек айында сыртқы ауа температурасының төмендеуіне байланысты әлеуметтік сала нысандарына және көпқабатты үйлерде жылу беру 2020 жылдың 25 қыркүйегінен басталып отыр. 25 қыркүйектегі ақпарат бойынша өңірде 302 мектеп және денсаулық сақтау саласының 11 нысаны жылуға қосылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив