KZ
Өскемен
+26°
переменная облачность жел 3 м/с, Ю
440.92 475.36 4.82

ШҚО-ның миллионнан астам тұрғынына көмір жеткізілді

28.09.2020, 11:15 172

Аймақта жылыту маусымына дайындық жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде.

ШҚО-да әлеуметтік ғимараттар мен көпқабатты тұрғын үйлерге 25 қыркүйек күні жылу берілді. Энергетика және ТҮКШ басқармасының мәліметінше, бюджеттік ғимараттар дайын және 100% көмірмен қамтамасыз етілген. Әсіресе, өмір сүру нысандарын отынмен қамтуға ерекше көңіл бөлінуде. Облыстағы ЖЭЦ пен жылу көздерінде 290 мың тонна немесе 140% қор бар. Жеткізу келісімшартқа сәйкес жүргізілуде.

Тұрғындардың жылыту маусымындағы жалпы қажеттілігі 1123,6 мың тоннаны құрайды. 1101,7 мың тонна көмір немесе 98% жеткізілді.

Жалпы айтқанда, облыстағы барлық өмір сүру нысандары жылыту маусымына дайын.

Ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты әлеуметтік ғимараттар мен көпқабатты тұрғын үйлерге 25 қыркүйектен бастап жылу қосылды.

25 қыркүйектегі ақпаратқа сәйкес, облыстағы 11 денсаулық сақтау нысаны мен 302 мектепке жылу қосылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив