KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 2 м/с, Ю
443.85 474.3 4.8

Күршім ауылында әлеуметтік нысандар көмірмен қамтамасыз етілді

26.09.2020, 09:40 112

Аудан әкімі Дулат Қажанов қысқы маусымға дайындық аясында Күршім ауылының жылыту қазандықтарының жұмысын тексерді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қазіргі уақытта «Күршім» коммуналдық шаруашылығы мекемесінің жылыту қазандықтары қажетті көлемде көмірмен қамтамасыз етіліп, жалпы 3500 тонна тас көмір түсірілді.

Аудан бойынша білім, денсаулық сақтау, коммуналдық кәсіпорын мекемелері толығымен қажетті мөлшердегі көмірмен қамтамасыз етілген.

Аудан басшысы орынбасары мен коммуналдық шаруашылық басшыларына барлық әлеуметтік мекемелердің уақытылы жылумен қамтамасыз етілуін қатаң бақылауға алып, қажетті жұмыстардың атқарылуын тапсырды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив