Өскемен
+13°
пасмурно Штиль
475.96 506.95 4.96

Өскеменде жылу беріле бастады

26.09.2020, 07:08 101 0

Өскеменде жылу беру маусымы 25 қыркүйектен басталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Өскемен жылу жүйелері» АҚ ақпараты бойынша, жылу өткен жылдағыдай кезең-кезеңмен, нысандардың техникалық дайындығына қарай беріледі. Жаңа Ахмердегі № 3, 4, 6, 7, 9, 105 қазандықтар нысандардың дайын болуына байланысты қосыла бастайды.

Қаладағы жылу энергиясын есептейтін құрылғысы мен техникалық дайындық паспорты бар кейбір көпқабатты үйлерге 1 қыркүйектен бастап жылу берілуде.

Үйлеріңіздің жылу маусымына дайындығы жайлы ақпаратты ұялы қосымшадағы жеке кабинетте немесе кәсіпорынның ukteplo.kz ресми сайтынан көруге болады.

101
0
00


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив