KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

"Екі адамды атқан" ШҚО-да көліктен оқ жаудырғандар ұсталды

25.07.2022, 12:02 81

21 шілдеде Катонқарағай-Топқайың тасжолының бойында белгісіз біреу көліктен екі тұрғынға оқ жаудырған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жаралылар ауруханаға жеткізілді. Полиция қызметкерлері оқ атқан адамның ақ түсті «Тойота Камри» маркалы көлікте болғанын анықтапты. Артынша, күдіктілерді тауып, сот санкциясымен қамауға алды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы 2 тармағы және 24-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Полиция ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейтінін хабарлады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив