KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
446.49 475.38 4.79

Жарма ауданында әлеуметтік нысандар жөнделді

26.09.2020, 04:32 137

ШҚО-ның Жарма ауданында әлеуметтік нысандар жөнделуде. Жалпы ауданда елді мекендерді абаттандыру бойынша 60 жоба жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жарма ауданы әкімінің орынбасары Айдар Ибраевтың айтуынша, 60 жобаның 25-і «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр.

Атап айтқанда, Қалбатау ауылындағы үш көше мен Шар қаласындағы Қабанбай көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, Қалбатау ауылындағы екі көше мен Шар қаласындағы Амангелді көшесіне, Әуезов кентіндегі Геология көшесіне жарық тартылды. Қалбатау ауылында ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған ойын алаңы салынса, Шуақ ауылында балаларға арналған ойын алаңы бой көтерді.

– Бүгінгі күні 23 жоба жүзеге асырылды. Ал қалған екі жоба жуықта аяқталады, - дейді Айдар Ибраев.

Одан бөлек,  «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында 5 жоба іске асырылуда. Әуезов кентінде 400 орындық мәдениет үйінің құрылысы жүріп жатыр.

Бақыршықтағы орта мектеп пен Абай атындағы мектеп-гимназиясына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 486 миллион теңге бөлінді. Жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жасалуда.

Қалбатау ауылы мен Әуезов кентіндегі жолдар да орташа жөндеуден өтеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив