KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 8 м/с, С
445.66 474.58 4.78

28 қыркүйектен бастап Алтай қаласына жылу беріле бастайды

24.09.2020, 10:46 123

Алтай ауданында жылыту маусымы Шығыс Қазақстан облысының басқа елді мекендеріне қарағанда жыл сайын ерте басталады. Жылумен жабдықтауды қосудың негізі себебі -  5 күн ішінде 8 градустан төмен түсіп кететін сыртқы ауа температурасы.

 Биыл Алтай ауданының орталығындағы жылыту маусымы 28 қыркүйекте басталады деп жоспарланған.

 Қаланың әлеуметтік нысандары, ауруханалар мен мектептер бірінші болып жылуға қосылады. Тұрғын үйлерге одан кейін біртіндеп беріле бастайды.

 Жылыту маусымына дайындық мұнда шілде айында басталған. Аудан әкімі Қалихан Байғонысов аудандық қазандықты, жылумен жабдықтау құбырларымен ондағы қысым және кәріз құдықтарының жағдайын жеке өзі қадағалаған болатын.

 Аудан орталығынан кейін Серебрянск пен Жаңа  Бұқтырмаға жылу беріле бастайды.

 Аудан әкімшілігі мен коммуналдық қызметтері үйлері әлі дайын емес тұрғындардың жылыту маусымына дайындықты тездетуді сұрайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив