KZ
Өскемен
+5°
ясно жел 7 м/с, СШ
444.22 476.38 4.82

Аягөздің әкімі әлеуметтік желідегі тұрғындар өтінішіне құлақ аса бастады

24.09.2020, 04:59 190

Аягөз ауданының әкімі Сейілбек Ысқақов аудан орталығындағы Зенин және Зеленый көшелерінің мәселесін жақын арада шешетін болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Әлеуметтік желіге қалдырған жазбасында аудан әкімі тұрғындардың өтініші жерде қалмайтынын айтты.

"Құрметті жерлестер! Бүгін Аягөз қаласының Зенин және Зеленый переулок көшелеріне бардым. Аталған көше тұрғындары әлеуметтік желі арқылы көшелерді жөндеу, жарықтандыру жұмыстарын жүргізу бойынша өтініш білдірген болатын. Алдағы уақытта тұрғындар көтерген мәселелерді шешу жұмыстары күн тәртібіме қойылатын болады",-дейді Сейілбек Ысқақов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив