KZ
Өскемен
+7°
ясно жел 9 м/с, С
443.35 475.54 4.82

«Қақпа алдындағы кездесу» - түрмеден босап шыққандарға мотивация

23.09.2020, 05:05 129

Түзеу мекемесінен босап шыққан тұлғаны бостандыққа тез бейімдеудің бір түрі – жылы қабақпен қарсы алып, қажетті заттармен қамтамасыз ету. Міне, осындай шараны ұйымдастырған пробация қызметі Өскемен қаласындағы ОВ-156/3 мекемесінің алдында «Кездесу» атты іс-шара ұйымдастырды.

– Пробация қызметі «Антарес-А» қоғамдық қорымен және әкімдікке қарасты бөлімдермен бірлесе отырып «Қақпа алдындағы кездесу» шарасын ұйымдастырдық. Оның бір көрінісі мерзімінің аяқталуына байланысты темір тордың ар жағынан босап шыққан 24 жастағы азаматты түзеу мекемесінің қақпасы алдында қарсы алу болды. Жұмыс тобымен әңгімелесу барасында босатылғаннан кейін азаматтың бостандықта тез бейімделуіне әсер ету мақсатында оған әлеуметтік – құқықтық көмек алуға, жаңа мамандықты игеруге, басқа да көмек түрлерін көрсету туралы ақпарат берілді, – дейді Үлбі аудандық ПҚБ инспектор-психологы Ләззат Бекжігітова.

Сонымен қатар, босап шыққан тұлғаға бірінші қажеттіліктегі жеке гигиена заттары бар мотивациялық пакет түріндегі әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив